$521.81 €543.67 ₽5.05
×

Биыл рекордтық өнім жиналды

AstanaTV
27.12.2024ж. 10:31
154
Биыл рекордтық өнім жиналды

Мемлекет басшысы агроөнеркә­сіп кешенінің әлеуетін арттыруға айрықша мән береді. Шетелге сапар­лары кезінде осы саланың инвес­тициялық мүмкіндіктерін ұдайы таныстырып жүреді.

Биыл көктемгі су тасқынына қара­мастан, 26,7 млн тонна астық жиналды. Бұл – кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Мұны мемле­кеттің диқандарға көрсеткен жүйелі қамқорлығы мен қолдауының нәти­жесі деуге болады. Көктемгі егін және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие беріле бастады. Ол үшін алғаш рет жарты триллион теңгеден аса қаржы қарастырылды.

Негізгі азық-түлік тауарлары бо­йынша импортқа тәуелділікті азайту – маңызды міндет. Осы бағыт­та бірқатар жоба іске асырылды. Дәнді-дақылдар селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту туралы кешенді жоспар қабылданды. Диқандар отандық тұқыммен қам­тама­сыз етілуге тиіс.

Сонымен қатар ауыл шаруашылы­ғы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу үшін 120 млрд теңге бөлінді. Техниканы 5 пайыздық мөлшерлемемен лизингке беру бағдарламасы басталды.

Өндірілген азық түлікті сақтап, тұтынушыға жеткізуге қойма-логистика кешендері керек. Алдағы жылдары сыйымдылығы 700 мың тонна болатын қоймалар салынады.

Жалпы, биыл алғаш рет өткен Қазақстанның ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі міндеттері айқындалды. Онда көптеген іс-шарамен қатар, қа­зақ жылқысының тұқымын сақ­тау және көбейту үшін арнайы заң қабыл­данғаны айтылып, енді бұл бағытта та­ғы бір маңызды қадам ретінде Үкі­­мет­­ке Жылқы шаруашылығы инс­ти­ту­­тын құру жөнінде тапсырма беріл­ді.