$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Футболшы ісіне қатысты қылмыстық іс бойынша соңғы шешім қабылданған жоқ

AstanaTV
24.05.2017ж. 20:00
2032
Футболшы ісіне қатысты қылмыстық іс бойынша соңғы шешім қабылданған жоқ

Қызылорда футбол командасының көшбасшысы Мақсат Байжанов көршісінен кешірім сұрады.  Бұл туралы біздің арнамызға зардап шегушінің өзі мәлімдеді.

Гайдар Айдарұлы:

Мақсат маған келіп, кешірім сұрады. Бір-біріміздің қолымызды қыстық. Әрі қарай  сыйластықта боламыз. Өзге көршілер де түсіністікпен қарады. Мақсат олардан да өзінің кей әдепсіз қылығы үшін  кешірім сұрайтынын айтты. Мен арызымды қайтарып аламын.

Спортшының өзі бұл мәселеге қатысты сұхбат беруге асықпай отыр. Өткен жаңалықтарымызда футболшының Гайдар Айдарұлын соққыға жыққанын хабарлаған едік. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер футболшы Байжановқа қатысты қылмыстық іс әлі қысқармағанын жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады,- деді ішкі істер департаментінің өкілі. 

Шарипа САҚТАПОВА