Шымкенттегі ауруханада ес-түссіз жатқан жеті жасар бала мүгедек болып қалуы мүмкін. Бүлдіршін әлі де жансақтау бөлімінде қала береді,- дейді дәрігерлер. Ол мұнда Ордабасы аудандық ауруханасынан ауыстырылған. Аталған емдеу мекемесіне сәби мамырдың 2-сі күні ауыр жағдайда жеткізіледі. Басына жедел операция жасалады. Содан бері ол есін жиған жоқ. Бас миына төнген қауіпті қайтардық деген мамандар үш аптадан бері бүлдіршіннің өз-өзіне келе қоймаған айтады. Қазір жағдайы бірқалыпты ауыр дейді.
Мұхтар Әбдіқадыров, ОҚО балалар ауруханасының дәрігері:
Мидың ауыр жарақатына байланысты, мидың ісінуіне байланысты ауыр жарақаттың белгілерінен кейін қалған қалдықтар. Сол себепті науқас мүгедек болып қалуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, баланы анасы таяққа жыққан болуы мүмкін. Оның беті мен мойын тұсында күйік іздері болған. Денесінің де бірнеше жері көгеріп, ісінген. Дәрігерлердің хабарлауынан соң іске полицейлер араласады.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:
Баланы
ұрғаны туралы анықталды. Осы жәйтке байланысты ҚР ҚК 107 бабы бойынша «қасақана
адамды ұрып-соғу, дене жарақаттарын салу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық
сараптаманың қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.