$521.81 €543.67 ₽5.05
×

Астанада есірткі жарнамасын насихаттағандар 6 жылға сотталуы мүмкін

AstanaTV
27.12.2024ж. 22:00
178
Астанада есірткі жарнамасын насихаттағандар 6 жылға сотталуы мүмкін

Астанада полиция қызметкерлері Абылай хан даңғылы, 6/7 үй мекенжайында 50 мың теңге табыс табу жөнінде жарнама жазылған наркограффити жарнамалық парақшалары бар тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы бір жағдайда, Орынбор көшесі, 12 үй мекенжайында «жасырушы» ретінде жұмыс істеуге қатысты QR-кодпен жапсырылған заңсыз жарнама орналастыру фактісі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала тұрғыны есірткі құралдарын таратуды насихаттайтын арнада жұмыс істеп, табыс табу мақсатында «Telegram» мессенджері арқылы тіркеліп, қала бойынша QR-кодтары бар жапсырмаларды басып шығарып, жапсырумен айналысқаны анықталды.

«Аталған фактілер бойынша ҚК-нің 299-1-бабы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлікті тәркілеу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген», - делінген хабарламада.