Ақтөбенің автопаркі жаңа автобустармен толықты. Енді көліктер бағыттық маршруттарға шығады. Жалпы биыл қаланың автопаркі сексенге жуық қоғамдық көлікпен толыққан. Олардың барлығы да -жолаушылар үшін жайлы заманауи автобустар.
Ақтөбеде бүгінгі таңда жолаушылар тасымалын бес кәсіпорын жүзеге асырады. Күнделікті желіге 300-ден аса автобус тұрғындарға қызмет етеді. Енді автобус паркі тағы 11 жаңа көлікпен толықты. Бұл автобустар Қытайлық брендпен Қазақстанда жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға пандус, жолаушылардың қолайлығы үшін басқа да жағдайлар жасалған.
АҚАРЫС ТІЛЕУЛЕСОВ, «АВТОПАРК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Автобус заманауи жылыту жүйесі, салқындату жүйесі басқа да халыққа қажетті қолайлы заманауи автобус. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың пандусы тағы басқа да видеокамера, аялдама хабарлайтын дыбыстық белгілеоі басқа да жүйелер толықтырылған.
Қоғамдық көліктер 85 адамға шақталған. Барлығы осындай 25 автобус алынды. Қалған 14 автобус осы аптада жеткізіледі. Бұл жаңа автобустар жолаушы тасымалы мәселесін толық шешпек.
АЗАМАТ БЕКЕТ, ҚАЛА ӘКІМІ:
Енді бізде проблемалық мәселе болып тұрған осы 42 маршрут. Осы автобустарды 42 маршрутқа қосамыз. Ал 42 ден босаған автобустарды басқа бағытқа қосатын боламыз. Болашақта осы көбейту үшін 14 пен 26 маршрутқа тағы қосымша автобустар қосатын боламыз.
Биыл парк 55 жаңа автобуспен толығады. Келер жылы тағы 30 -ын алу жоспарда бар. Айта кетейік, қалада зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қоғамдық көлікте жүру тегін.