Ақтаудағы газ тапшылығы апта соңына дейін шешілуі тиіс. Ертең жергілікті газ өңдеу зауыты жөндеуден кейін іске қосылып, тәулігіне 600 тонна сұйық отын шығара бастайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасындағылар мәлімдеді. Сондай-ақ, Ақтөбеден келуі тиіс көлемді күтіп отыр. Мамыр айында жеткізілуі тиіс отын кешіккен соң, облыста тапшылық туындаған.
Венера Мұстапаева, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:
Ақтөбеден газды уақытылы жеткізуге тіркелген газ бөлу стансасының болмауы кедергі келтірді. Қазір мәселе шешілген. Зауыт толық қуатында іске қосылса, 14000 тонна аймақтарға жөнелтіледі.
Әкімдіктегілер
енді отын тапшылығы болмайды деп сендірді. Өңірде көліктердің 70 пайызы газбен жүреді. Қазір
оның бағасы тұрақты. 35 пен 40 теңге аралығында. Қолдан жасалатын қымбатшылық
қатаң бақылуға алынбақ.