Жамбыл жұртының жылда ойлайтын басты уайымы- аймақтың экологиялық ахуалы. Облыс орталығынан шығатын қатты қалдық қала сыртындағы қоқыс полигонының аумағын кеңейтіп, маңайындағы ауылдарға кесірін тигізіп жатыр. Қолаңсыз иіс қолқаны қауып, жағымсыз иістен жұрттың жүйкесі жұқарған. Біздің арна да бұл мәселені жиі көтеріп, жауапты министрліктен нақты жауап алды. Нәтижесінде тұрғындар жылдап тосқан қоқыс өңдеу зауыты әйтеуір салынатын болды. Келер жылдан бастап көптің көкейінде жүрген бұл келеңсіздік келмеске кетпек.
Өңірде 163 қоқыс тастайтын орын бар. Бірақ барлығында қалдықты сұрыптап, көлемін есепке алуы талапқа сай емес. Қоқысты өртеп экологиялық талапты бұзып, қатты қалдықты көміп тастайды. Ал облыс орталығына арналған қоқыс тастайын орынның көлемі күн санап артып, айналысы шашылып, маңайындағы ауылдарға кесірін тигізіп жатыр. Қаланың батыс бөлігінде орналасқан қоқыс төгетін полигонға жақын маңдағы Қостөбе ауылының тұрғындары күн жылынса тынысымыз тарылады дейді. Ал өріске жіберген төрт түлігі түрлі жағдаймын өліп қала беретін көрінеді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қоқыстан шыққан целофан біздің ауылға қарай жайылады. Жазды күні қар сияқты әппақ болып шөптердің басында тұрады. Талай малдарды базарға апарып сойып жатырмыз, ішінен кленкалар қатпарланып шығып жатыр.
- Ит пен құстың бәрі осы жақта осы жақтан келеді. Өліктің де иісі келеді, иттіңді иісі келеді бәрі.
- Экологиялық, экономикалық тұрғыда да, жалпы ол зауытты салғанның өзінде жаңа жұмыс орындары ашылады деген сияқты ол өте тиімді, өте пайдалы нәрсе біз үшін.
- Міндетті түрде керек, сөзсіз керек. Оны кешіктіруге де болмайды. Бізге экология деген ол өзіміздің денсаулығымызға әсер ететін нәрсе болған, соң бірінші кезекте болу керек ол.
Полигонда қазір шамамен 3 млн тоннадан астам қоқыс жатыр. Аумағы 30 гектардан асып кеткен. Сондықтан бұл мәселе экология және табиғи ресурстар министрлігін де алаңдатып отыр. Жуырда өңірге келген вице-министр 1 емес, 3 бірдей қоқыс өңдейтін зауыт салынатынын айтты.
МАНСҰР ОШУРБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
2,2 млрд тг бөлініп жатыр. Енді біз өте соған сенеміз. Тараз қаласында 3 сұрыптау зауыты салынса, контейнерлер жақсы болса жаңа контейнерлер қойылса ол өте экологиялық мәселелерін жақсы көтереді. Тараз қаласының экологиялық ахуалы жақсы болады деп ойлаймыз.
Сұрыптау-өңдеу кешені келер жылы бой көтермек. Іс іркілмесе, қатталған қалдық 30 пайызға азаяды. Ал жергілікті билік зауыт салу үшін инвесторға 10 га жер телімін бермек. Қазір жасыл ел мен жасыл даму және ЖКХ үш жақты тараппен жоба дайындалып жатыр.