Ақтөбенің Мәртөк ауданы Байторысай ауылында жаңа медициналық пункт ашылды. Емдеу мекемесі күніне жиырма шақты тұрғынды қабылдай алады. Емханада фельдшер және санитар жұмыс істейді.
Байторысай ауылында төрт жүзден астам тұрғын бар. Емдеу мекемесінде қабылдау, емдеу, сүзгі және физиотерапия бөлімі жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмектен бастап, ем жүргізу басқа да медициналық көмек көрсетілетін болады. Жалпы Ақтөбе облысында биыл 11 медициналық пункт ашылды. Алдағы үш жылда ауыл аймақтарда тағы 21 емдеу мекемесін ашу жоспарланып отыр.
ДАСТАН ӘЛЖАН, БАЙТОРЫСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ:
Ауылдық жер болғандықтан бұл жерде учаскелік жұмыс жасалады. Учаскелік жұмыс флюра өту, скрининг, алғашқы медициналық көмек. Больницада не жұмыс жасалады. Барлығы кіреді бізде қадағалап, қарап отырамыз. Кішкентай нәрестелер, аяғы ауыр әйелдер солардың жағдайын қарап, көмек көрсетіп отырамыз.