Алматыда Медеу ауданында орналасқан Шухов Сквер аймағына тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Бейсенбі» экологиялық науқанына «AMANAT» партиясының мүшелері және аудан белсенділері қатысып, саябақты 2 тоннаға жуық қардан тазартты. Шухов сквері – қала тұрғындары жиі келетін орындардың бірі. 20-ға жуық ерікті мегаполистегі тағы бір аумақты ластанудан сақтады. Акцияға үздіксіз қатысушылардың сөзінше, бүгінде Алматыда экологиялық мәдениет деңгейі артқан.
АХМЕТ ТАСШАБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МЕДЕУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
«Таза Қазақстан» акциясы осы көктемнен бері жалғасын тауып келе жатыр. Соның бірі қазіргі таңда Шухов скверіне келіп қалдық. Бұл Шухов скверінде қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, балалардың ойнайтын спортзалдары және футбол ойнайтын алаңдары тұр екен, соған байланысты қазір қыс ауасында алаңдарды қардан тазалап, балаларға ыңғай жасап жатқан жайымыз бар.