Жамбыл облысында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жыл басынан бері 10 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға қала мен ауылдарда көше, саябақтар абаттандырып, көшеттер егілді. Бұл жайында бүгін арадагерлердің жастармен кездеуі барысында айтылды. Үлкендер колледж студенттерін тазалыққа, экологиялық мәдениет қалыптастыруға шақырды. Жалпы "Таза Қазақстан акциясы" басталғалы сенбіліктерге 700 мыңнан астам жамбылдықтар қатысты. Олар 150-ге жуық саябақ пен скверді, 829 шақырым канал мен арық жүйесін, 130 мыңға жуық ауланы қоқыстан тазартты.
САУРАНБЕК ЖАМАЛБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:
Жастар келешек біздің елдің ұстынын ұстайтын азаматтар. Сол себептен қазірден бастап осы азаматтарға қазір көтеріліп жатқан мәселені құлақтарына енгізсек тазалыққа көңіл аударып, өздерінің жүріс тұрысына көңіл аударып отбасындағы тазалыққа көңіл аударып сондай болса, қалған азаматтар да осыдан кейін көңіл аударатын шығар деген ойдамыз.