Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Микробиотиктер адам азғасына қауіпсіз саналады - маман

AstanaTV
24.05.2017ж. 20:00
10043
Микробиотиктер адам азғасына қауіпсіз саналады - маман

«Дисбиоз проблемасын шешу үшін инновациялық шешімдерді қолдану». Астанада осындай тақырыпты арқау еткен медициналық конференция өтті. Бұл тақырып бүгінгі таңда аса өзекті проблемалардың бірі ретінде қаралып отыр. Сондықтан жиында дисбиозды емдеудің жаңа бағыттарымен қатар, терапиялық әдістер де айтылды. Ресейден шақырылған тәжірибелі мамандардың пікірінше, емдеу процесінде ағзаға кері әсер етпейтін дәрі-дәрмекке жүгінген жөн.

Антонина Плоскирева, медицина ғылымының кандидаты, доцент:

Метобиотиктердің басты артықшылығы, бұл иммундық жүйе мен ішек трактының микрофлорасын қалпына келтіріп, құрылымын реттейді. Метобиотиктің тағы бір артықшылығы, ол аз уақыттың ішінде әсер етеді. Іш өту, құсу сияқты жайсыздық туындаса, балаларға көп күттірмей көмектесу керек. Бұл сәтте оның қажеттілігі артады. Сондай-ақ, метобиотиктің қауіпсіз екенін де айтып өткен жөн. Қолданған кезде, денсаулыққа кері әсер ету деңгейі төмен. Сондықтан ересектер мен балаларға тұтынуға еш қауіп жоқ.

Конференция Тева Қазақстан компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. Дәрігерлер алдында баяндама жасаған медицина ғылымдарының докторы Алмагүл Кушугулова бұл тақырыпты бірнеше жылдан бері зерттеп келе жатқанын айтады. Алыс-жақын елдердің тәжірибесі де назарға алынды, - дейді маман. Оның айтуынша, ең басты мәселе - дәрінің адам ағзасына қандай әсер беретінінде.

Алмагүл Кушугулова, медицина ғылымының докторы:

Біз антибиотиктен толық бас тарта алмаймыз. Бірақ оны қолданған соң, кері әсері болары анық. Бұл туралы айтылып та жүр. Таңдау болса, әрине, метобиотиктерді қолдану керек дер едім. Қазақстанда, мәселен, хилак форте препараты бар. Онда тірі микроағзалар жоқ. Бірақ, ол ішектің қалпын бұзбай, сақтайды. Ал антибиотик пайдалы бактерияларды өлтіреді. Адамның ағзасы негізінен микроағзалық жасушалардан тұрады. Біз оларсыз өмір сүре алмаймыз. Яғни бұл ағзалар біздің тамақтану әдетімізден бастап, ауруға төтеп беруімізге дейінгі үрдіске қатысады.