Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ЮНЕСКО сарапшылары туризм саласын дамытудың мүмкіндіктерін талқылады

AstanaTV
24.05.2017ж. 20:00
2908
ЮНЕСКО сарапшылары туризм саласын дамытудың мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан Орта Азия елдері ішінде тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша көшбасшы мемлекет атануға лайықты. Бұл туралы Алматыда өткен кеңесте ЮНЕСКО сарапшылары мәлімдеді. Ұлы Жібек жолының басым бөлігі Қазақстаннан өткендіктен, тарихи-мәдени мұра сақталған. Сондықтан Әмудария мен Сырдария дәлізі бағытындағы жұмыстарды жеделдету қажет. Дәл осы маңда түрлі мәдениетті көрсететін мұраларды сақтау маңызды. Тарихи-мәдени ошақтарды әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізу жалғасып жатыр. Еліміз жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-шы орында. 1500-ге жуық тарихи ексерткіштер бар. 

Роланд Лин Чи - Хун, Азия мен Океания аймағының  жоба офицері:

Бай мәдени мұраны сақтау  мен қорғау, өз дәрежесінде көрсете білу қажет. Биыл Астанада маңызды шара өтеді. Көрмені тамашалауға 5 мыңдай турист келеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, саяхаташыларға тарихи ексерткіштерді көрсетіп, таныстыру қажет.

Қанат Тұяқбаев, «Қазқайтажаңғырту» РМК директорының кеңесшісі:

Туристерге арналған орындардың барлығын дайындау біраз уақыт алады. Бірақ соған қарамай, қазірдің өзінде Қазақстанға көп келіп жатқан ескерткіштердің біреуі - Түркістандағы Ахмет Яссауи ексерткіші. Оларға қазір  туристер келіп жатыр. Сол арқылы Қазақстанның тарихын ел біле бастады, көре батады.

Айгүл ЕРМАХАН