Абай облысында Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері адасып кеткен малшыны тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін, түнде 112 пультіне кеше таңертең Жарма ауданында "Қаратоған" шаруа қожалығынан мал бағуға шыққан 1981 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тауып, туыстарына жеткізді", - деп хабарлады ведомство.
Ер адам зардап шеккен жоқ.
ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауды ескертті.