$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Баку Ресей азаматтарының Әзербайжанда болу мерзімін өзгертеді

AstanaTV
29.12.2024ж. 14:50
254
Баку Ресей азаматтарының Әзербайжанда болу мерзімін өзгертеді

Әзербайжан Ресей азаматтарының елде болу мерзіміне қатысты жаңа ережелер енгізетінін жариялады. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айхан Гаджизаде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Тrend сайтына сілтеме жасап.

«Сыртқы саясат мәселелерінде Әзербайжан әрдайым паритет және өзара әрекеттестік қағидаттарын басшылыққа алады. Бұл уақытша болу және миграция мәселелеріне де қатысты. Осыған байланысты, алдағы күндері Ресей Федерациясының азаматтарының Әзербайжан Республикасының аумағында уақытша болу мерзімдері туралы ережелерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр» – деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін, 25 желтоқсанда, Ақтау маңында Әзербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Баку-Грозный бағытында ұшқан ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Қайғылы оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты.