Ақтаудағы 6 және 8 шағын аудандар арасында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелінде жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын басқарушы адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Subaru» маркалы көлік оқиға орнынан айып тұрағына қойылды.
«Жүргізушіге 160 АЕК (590 720 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары, сондай-ақ 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейін айыру қаупі бар», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 8 шағын аудандағы №36 үйдің артында жолдан өтіп бара жатқан ер адам жеңіл көліктің астына түсті. Зардап шеккен ауруханаға жеткізілді.