$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Зейнетақы қоры 11 айдағы инвестициялық кірістің көлемін жариялады

AstanaTV
30.12.2024ж. 18:41
122
Зейнетақы қоры 11 айдағы инвестициялық кірістің көлемін жариялады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылдың 11 айындағы таза инвестициялық кірістің көлемін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл қорға аударылған міндетті зейнетақы жарналарының жалпы көлемі 2,29 трлн теңге болды. Ал инвестициялық табыс одан асып түсті.

2024 жылдың 11 айында отандастарымыздың таза инвестициялық кірісі 2,76 трлн теңгеден асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 1,53 трлн теңгеге немесе 123% артық, - делінген ресми хабарламада.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша инфляция 8,40 процент болды. Ал қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы табысы 16,97 процентті құрады.

Айта кетері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны ұлттық банк басқарады. Қор қаржысы бағалы қағаздарға, салымдар мен басқа операцияларға салынады. Одан сыйақы түріндегі кірістер түседі.