Елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесі жоғары көтеріліп келеді. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп жатыр. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ерлан Қарин өндіріс озаттары мен еңбек династияларының өкілдеріне тұрақты түрде мемлекеттік наградалар берілетінін айтты. Енді кәсіби мерекелер кеңінен аталып өтіледі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Мемлекеттік наградалар жүйесіне 9 жаңа құрметті атақ берілді. Атап айтқанда, ғалымдар мен өнертапқыштарға, инженерлерге, сәулетшілерге және құрылысшыларға, кеншілер мен шахтерлерге, геологтарға, өнеркәсіп, көлік, ауыл және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне құрметті атақтар қосылды. Қажырлы еңбектің мемлекеттік бақылау бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт береді және еңбек адамының беделін одан әрі көтеруге септігін тигізеді. Бұл заңға Мемлекет басшысы «Жұмысшы жаңа мамандықтар жылы» деп жариялаған 2025 жылдың қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар.