Жаңа жыл мерекесіне орай, оралдық өрендер бұғылар мекеніне саяхат жасады. Бүлдіршіндер Жер шарының солтүстігінде ғана өмір сүретін жануарларды қызықтап, суретке де түсті.
Бұғы фермасы осыдан үш жыл бұрын ашылған. Сол кезден бері мүйізі шаңырақтай жануарлардың қатары суық солтүстікті мекендейтін хаски тұқымдас иттер, қоян, түлкі және тиінмен толығыпты. Тіпті осы шаруашылықтағы шана мен өзге де көне бұйымдардың бәрі сонау Ханты-Мансийскіден арнайы әкелінген. Оралдың іргесінде орналасқан ертегілер әлеміне тап болғанына балалар ғана емес, ересектер де мәз-мейрам.
ЗАРИНА ИСПУЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Өте күшті, қызықты балаларға да, өзімізге де. Біздер мұнда бірінші рет келіп тұрмыз. Бұғыларды көріп... мұндайды өмірімізде көрген жоқпыз. Күшті! Мультиктен көреміз ғой. Былай өмірімізде көрген жоқпыз. Өмірде басқаша, қызықты, әп-әдемі болып тұр.