Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Оған Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Мемлекет басшысының құттықтау хатында университеттің мерейлі белесі ұлттық ғылым және тұтас білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға екені жазылған. Қазір Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында көш бастап тұр, ал оның түлектері еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуда.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
Өскелең ұрпақты ғылым білімге баулып, олардың бойына адал азаматтарға тән қасиеттерді сіңіру жолында еңбек етіп жүрген университет ұжымына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да осы мәртебелі миссияны абыроймен атқарасыздар деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке тілеймін. Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Тоқаев.
Еліміздегі іргелі оқу ордасының іргетасы 1934 жылы қаланған. Осы уақытқа дейін түрлі белестен өтті. Ол туралы деректі фильм әзірленген. Университеттен 1 вице -президент, 2 премьер- министр, 7 парламент палатасының төрағасы, 7 мемлекеттік хатшы және тағы да басқа жоғары лауазымды тұлғалар түлеп ұшқан. Бүгінде білім ордасында 3265 профессор оқытушы қажырлы еңбек етеді. Алқалы жиында сол оқытушылар мен жас ғалымдардың еңбегі еленіп, пәтер кілттері мен арнайы мемлекеттік төсбелгілер табысталды.
МАДИЯР ЕЛЕУОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
Мен- осы университеттің шәкіртімін. Биыл 49 жыл болды оқу бітіргеніме. Мен оған мақтанамын. Біріншіден мен Казнудың студенті болғаныма мақтанамын. Осы Әл -Фараби атындағы университетте жұмыс істегеніме бәрі мен үшін мақтаныш.