$527.3 €544.86 ₽4.95
×

109 бірыңғай байланыс орталығы мереке күндері демалыссыз жұмыс істейді

109 бірыңғай байланыс орталығы мереке күндері демалыссыз жұмыс істейді

Мереке күндері бірыңғай байланыс орталығы да демалыссыз жұмыс істейді. Себебі мейрам болғанымен, тосын оқиғалар, қауырт мәселелер кезек күттірмейді. Мұндай жағдайда қызылордалықтарға 109 бірыңғай байланыс орталығы 24 сағат қызмет көрсетуге әзір. 

Ернар Сейтжановтың бұл орталықта жұмыс жасағанына 5 жыл болған. Биыл екінші рет жаңа жыл қарсаңында кезекшілікке түсуде. Ол келген қоңырауларды операторларға бағыттап, мәселені жауапты мамандарға жолдайды. Сондай-ақ оның дер кезінде шешіліп, жұмыстың жылдам әрі жүйелі атқарылғанын қадағалайды.

ЕРНАР СЕЙТЖАНОВ, 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРІ:

Облыс тұрғындар мен қала қонақтарынан келген кез келген сұрақ бойынша 24/7 жұмыс жасаймыз. Әрине, бізге мереке күндері де жұмысқа түсеміз. Ең бірінші жауапкершілік болғандықтан мерекені екінші орынға қоямыз. Ақаулар болып тұрады, тиехникалық ақаулар. Соған байланысты әртүрлі қоңыраулар түсіп тұрады.

Орталықта барлығы 28 қызметкер бар. Олар кезекшілікпен күндіз-түні үзілісіз қоңырау қабылдайды. Әдетте 7 оператор отырса, мереке күндері 12-ге дейін көбейтеді. Себебі телефон шалатындар саны артады. Ал операторлар әрбір мәселені мұқият тыңдап, жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруға дайын.

 РУСЛАН АЛТЫНБЕК, 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ:

Жаңа жыл мерекесіне сәйкес біздің кезекшілігіміз тұспа-тұс келіп қалды. Әрине, жаңа жыл мерекесінде, кел келоген мерекеде отбасымен бірге қарсы алған дұрыс. Бірақ біз бізге берілген жұмысымызды, өзіміздің қызметімізді мүлтіксіз орындаудамыз. Бізге келіп түскен әрбір қоңыраулар елеусіз қалмайды.

Қызметкерлердің барлығы қоңырауға жылы шыраймен жауап беріп, мерекелік тілектерін де жолдап үлгеріп жатыр. Ал мәселесі дер кезінде шешілген тұрғындар кері байланысқа шығып, алғыстарын жаудыруда. Бұл - 24 сағат телефон тұтқасында отыратын жандарды қуанышқа бөлейді.