Павлодарда мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жаңа жылдық кеш өтті. Шараға "AMANAT" партиясының облыстық филиалы мұрындық болды. Онда облыстық мәслихат депутаты Гнел Акопянның демеушілігімен 100-ден астам балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Ал өнерпаздар әсем ән мен тәтті күйден шашу шашты. Сондай-ақ түрлі ертегі қойылымдары мен ойындар жас жеткіншектердің көңілін көтерді. Мақсат балалардың көңілін аулап, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде сезінуіне жол ашу.
ГНЕЛ АКОПЯН, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл кешті мүмкіндігі шектеулі ерекше балалар үшін ұйымдастырып отырмыз. Олар біздің қуанышымыз. Жаңа жылмен баршаңызды құттықтаймын. Барлық жақсылық атаулы үйір болсын! Жыл сайын "AMANAT" партиясының атынан жаңа жылмен құттықтау бұйырсын!
ДАНА ҚОЖАХМЕТОВА, АТА-АНА:
Осындай керемет жаңа жылдық кеш үшін ұйымдастырушыларға алғысымды айтқым келеді. Бұл біздің балаларымыз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, бұндай шаралар жиі бола бермейді. Сондықтан, балалар асыға күтті. Сол үшін алғысым шексіз.