$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Астанада ерекше күтімді қажет ететін 50-ден астам бала бүгін арманындағы сыйлықтарын алды

30.12.2024ж. 20:00
101
Астанада ерекше күтімді қажет ететін 50-ден астам бала бүгін арманындағы сыйлықтарын алды

Ерекше күтімді қажет ететін 50-ден астам бала бүгін арманындағы сыйлықтарын алды. Жаңа жыл қарсаңында «АМАNАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты «Арман ағашы» акциясын ұйымдастырды. Осы мақсатта партияның орталық кеңсесінде «Арман ағашы» орнатылып, «Балам-ай» орталығының тәрбиеленушілерінің тілектері жазылған хаттар ілінді. «АМАNАТ» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек ерекше күтімді қажет ететін балаларға сыйлықтарды үлестірді. Оларға зор денсаулық тілеп, жылы лебізін білдірді. Айта кетейік, бүгінде бұл акция 20 мыңнан астам балаға қуаныш сыйлауға мүмкіндігі бар. 

АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Біз алдын-ала келіп балалардың арман-тілектерін арнайы жазып аламыз. Кейін оны орталық аппараттағы шыршаға іліп әрі қарай барлық партияластар балалардың арманын орындауға атсалысады. Кейіннен осындай мерекелік шарада біз оларға осы сыйлықтарды табыстаймыз.

ҚЫМБАТ КЕРЕЙБАЙ, "БАЛАМ-АЙ" ОРТАЛЫҒЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІНІҢ АНАСЫ:

«АМАNАТ» партиясынан келіп балаларымызды құттықтап жүр. Олар үнемі жыл сайын бізді құттықтайды. Біздің балалар хат жазады. Ол деген әрине өте қуанамыз оған, менің балам қуанады. Үнемі бізді осылай келіп құттықтап тұрғандарына көп рақмет оларға.