$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Күндегі жарқылдан жаңа жыл түні поляр шұғыласы көрінуі мүмкін

AstanaTV
31.12.2024ж. 10:51
207
Күндегі жарқылдан жаңа жыл түні поляр шұғыласы көрінуі мүмкін

Жаңа жыл қарсаңында Жер ғаламшарының тұрғындары полярлық шұғыланың куәсі бола алады, деп мәлімдейді Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы. Бұған 31 желтоқсан күні таңертең Күндегі екі қуатты жарқыл себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Таңғы сағат 7:14 пен 7:31-де Күнде ең жоғары X рентгендік класты екі жарқыл пайда болды. Олар Күннің батыс бөлігінде, яғни Жерге әсер ете алатын аймақта тіркелді. Бұл – биылғы ең күшті жарылыстардың бірі», - дейді ғалымдар.

Бұл жағдай 31 желтоқсан күні шамамен түстен кейін уақытта Жерге жетеді. Соның салдарынан түнгі аспанда көрінетін полярлық шұғыла пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл күні жаңа шығарындылар тіркелді, олардың нақты қозғалысы әлі болжанбаған.

Аталмыш институттың мәліметінше, мұндай құбылыс соңғы жылдары сирек байқалды. Күндегі аздаған жарқылдар өткен жылдың мамыр және қазан айларында тіркелді.