$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Сегіз жыл балаға таласқан: Анджелина Джоли мен Бред Пит келісімге келді

AstanaTV
31.12.2024ж. 14:56
323
Сегіз жыл балаға таласқан: Анджелина Джоли мен Бред Пит келісімге келді

Голливудтың жұлдызды жұбы Анджелина Джоли мен Бред Пит ажырасқаннан кейінгі ұзақ жылдарға созылған жанжалға нүкте қойды. Бұрынғы ерлі-зайыптылар балаға таласқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.

«Ажырасқаннан кейін 8 жыл өткен соң олар ортақ келісімге келді», - деп хабарлады Анджелина Джолидің адвокаты.

Анджелина Джоли мен Бред Пит 2014 жылы үйленген, алты баланың ата-анасы. 2016 жылы Джоли ажырасуға арыз берген. Содан бері жұптың арасында балалаларды қамқорлығына алуға байланысты тартыс тоқтаған емес. 2021 жылы сот екеуін де балаларға қамқоршы ретінде тағайындаған.