$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Роза Рымбаева марқұм күйеуінің жазып кеткен әнін шығарды

AstanaTV
31.12.2024ж. 20:17
212
Роза Рымбаева марқұм күйеуінің жазып кеткен әнін шығарды

Әнші Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқапов жазған әнді өңдеп, қайта жарыққа шығарғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол бұл әнді марқұм күйеуі тұңғыш ұлы дүниеге келгенде жазғанын тілге тиек етті.

«Тұңғышымыз Әли дүниеге келгенде, Тасқын осы әнді арнап жазып еді… Енді міне немерем Зейін дүниеге келген соң, атасының әнін қайта өңдеп, жаңашалап шығардық», - деп жазды Роза Рымбаева.