$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Көкшетаулық полицейлер Жаңа жыл қарсаңында ірі көлемдегі ұрлықты ашты

AstanaTV
31.12.2024ж. 21:32
277
Көкшетаулық полицейлер Жаңа жыл қарсаңында ірі көлемдегі ұрлықты ашты

Жаңа жыл алдындағы түнде полиция қызметкерлері құны 10 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын жедел түрде ашты. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді бес сағатта ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен, Ақмола облысы және елордалық полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысы арқасында гастролер ұрылар "ізін суытпай" құрықталды.

Ұрлық жаңа жыл алдында таңғы сағат 04:30 шамасында Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жасалған. Қылмыскерлер сауда орнына пластикалық терезеден кіріп, бутиктен зергерлік бұйымдарды жымқырған.

Дабыл жүйесі іске қосылып, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жетсе де, қаскүнемдерге ісін жүзеге асыруға 15 минут жеткен.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру барысында полиция қылмыс хронологиясын білді. Жедел топ күдік туғызған көлікті қылмыс орнында байқап, оның Көкшетаудан Астанаға шыққанын анықтады.