City Transportation Systems жаңа жылдық демалыс күндері елордадағы қоғамдық көлік қалай қатынайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес (06:00 - 23:00) жүреді;
1 қаңтар
Сағат 10:00-ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00-ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді;
экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.
2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз.
5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.
7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.
Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді.