Қазақстанда Жер бетінің ғарыштық сараптамалық суреттерін анық көрсетуге қабілетті байланыс жүйесі мен жерді қашықтықтан зондтайтын спутниктік жүйе құрылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг барысында мәлім болды. Онда «қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті» талқыланды. Министрлік алдағы уақытта аэроғарыш өнеркәсібі саласында шет елдік инвесторлар тартуды көздеп отыр.
Бейбіт
Атамқұлов, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Министрліктің
алдында тұрған басты міндет - шет елдік инвесторларды тарта отырып, экспортты
арттыру. Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш саласы қазір әлемдік деңгейдегі
өнімдермен иық тірестіре алады. Еліміздің әскери-техникасының заманауи үлгілері
бәсекеге қабілетті.
Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ