$518.97 €607.3 ₽6.64
×

ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын эвакуацияланды

AstanaTV
01.01.2025ж. 10:55
449
ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын эвакуацияланды

Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтердің балконында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт 4 шаршы метр аумақта өшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және қауіпті жағдайларды болдырмауға шақырады.