$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Қаңтардан бастап шетелдіктер үшін Ресейге кіру ережесі қатаңдайды

AstanaTV
01.01.2025ж. 11:43
228
Қаңтардан бастап шетелдіктер үшін Ресейге кіру ережесі қатаңдайды

 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейге кіретін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзімі туралы заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Ресей Федерациясына табан тіреген шетелдіктердің сонда болу мерзімі 90 тәулікке қысқарды, деп хабарлайды KAZINFORM Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.

Бұрын елге визасыз кірген шетелдіктер Ресейде 180 күн ішінде 90 күннен аспауы керек еді. Елшілік Ресей Федерациясының аумағында жылына 90 тәуліктен астам оқуға, жұмыс істеуге, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтарға рұқсат етілгенін түсіндіреді.

Өзгерістер Ресей Федерациясына визасыз келген шетелдік азаматтарға қолданылады. Ресейге визамен келген шетелдіктің уақытша болу мерзімі, бұрынғыдай, өзгеріссіз қалып отыр.

Сондай-ақ, «Интерфакс» хабарлағандай, Ресей президенті Владимир Путин заңсыз мигранттарды 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін Ресейден кетуге міндеттейтін Жарлыққа қол қойды.

Қалғысы келетін мигранттар заңдастырылуы керек: көші-қон қызметінде тіркелу, биометриялық және медициналық мәліметтерді, орыс тілін білетіндігін, Ресей тарихы мен Ресей Федерациясының заңнамасының негіздерін білетіндігін растайтын құжаттарды ұсыну, сонымен қатар тұруға және жұмыс істеуге рұқсат беру.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған шетелдіктерге ерекше жағдай жасалмақ. 


Бұған дейін хабарланғандай, керісінше Әзербайжан Ресей азаматтарының елге кіру ережелерін қатаңдатпақ.


 https://kaz.inform.kz/news/kantardan-bastap-sheteldkter-ushn-reseyge-kru-erezhes-katandaydi-d87cbb/