Егін
ору науқаны кезінде жанар-жағармайдың бағасын арзандату жолдары қарастырылып
жатыр. Еліміздің бас аграриі Асқар Мырхахметов осылай деді. Бірінші маусыман
бастап Үкімет дизель отынының акцизін өсіруді шешкен. Бұдан былай, көтерме
бағамен тоннасы 9 мың 300 теңге. Бұл баға айырмашылығын көрші елдермен
теңестіру үшін жасалған қадам болатын. Мұның ауылшаруашылығы өнімдері бағасының
өсуіне әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта министрлікпен осыны болдырмау жайы
пысықталып жатыр.
Асқар
Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Дизелді отынды өндіру
мен сатуға акциз енгізілген соң, 1 маусымнан баға өсетіні белгілі. Біз мұны
уақытында ескеріп, акцизді өсіруді 1 сәурден 1 маусымға ауыстырдық. Көктемгі
егіс науқаны бұрынғы бағамен жүргізілді. Енді жиын-терімге қарай отын бағасын қымбаттатпай, реттеу жағы
қаралуда.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ