$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Батыс Қазақстан облысында сұйылтылған газ бағасы арзандауы мүмкін

AstanaTV
25.05.2017ж. 20:00
2912
Батыс Қазақстан облысында сұйылтылған газ бағасы арзандауы мүмкін

Батыс Қазақстан облысында сұйылтылған газ бағасы арзандауы мүмкін. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бастығы Мұрат Оспанов мәлімдеді. Айтуынша, «Жайықмұнай» кәсіпорнының жеткізушілерге газды құйып бергені үшін ақы талап еткені заңсыз деп танылды. Бұл компания былтыр ақпан айынан бастап, құйылған газдың әрбір тоннасына 36 мың теңге сұраған. Осыдан кейін өңірде газ бағасы күрт қымбаттап, 70 теңгеге дейін жетті. Мұның заңсыз екендігін алға тосқан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті  сотқа жүгінеді. Ал әкімшілік сот компанияның бұл әрекеті заңға қайшы екендігін анықтап, «Жайықмұнайды» айыппұл төлеуге міндеттеді.

Мұрат Оспанов, БҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бастығы:

Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік соты «Жайықмұнай» компаниясынан 365 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. Бұл мұнай өндіруші мекеменің - газ саудасынан түсірген пайдасының бір бөлігі. Енді сұйылтылған газды құю қызметі үшін ақы талап ету алынып тасталады. Осыдан кейін өңірде газ арзандайды. Бірақ оның құны нақты қанша теңгеге төмендейтінін арнайы есептеу жүргізілген соң айтамыз.