Семейде бір қабатты кафе өртенді. Оқиға Ғ.Түктабаев көшесінде болған. Өрт соңы жарылысқа ұласа жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шақырту бойынша мекенжайға өрт сөндіру тобы шұғыл жеткен. Төтеншеліктер барған кезде дәмхана шатырының ағаш конструкциялары, жиһаз және тұрмыстық техникасы жанып жатқан. Қызыл жалын алаңы - 60 шаршы метр.
Барлау кезінде құтқарушылар өрттен екі 54 литрлік газ баллонын эвакуациялап, жарылыс қаупінің және ауыр зардаптардың алдын алды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ,-деп атап өтті ТЖМ.