$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Шымкенттік полицейлер кішкентай баланы ұрған адамды іздеп жатыр

AstanaTV
25.05.2017ж. 20:00
3229
Шымкенттік полицейлер кішкентай баланы ұрған адамды іздеп жатыр

Шымкенттік полицейлер кішкентай баланы ұрған адам түсірілген бейнежазба бойынша тергеу шараларын бастады. Әлеуметтік желілерде шамамен 4-5 жасар баланың басынан ер адамның күрекпен ұрғылап жатқан жазбасы тараған. Кішкентай бүлдіршіннің жанұшыра айқайлағаны көпшіліктің жүрегін ауыртады. Қашып кетпесін деді ме екен, таяқтаушы балақайды автокөлік доңғалақтарының ішіне тұрғызып қойған. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Полиция қызметкерлерімен сол бейнероликтегі азаматтың тұлғасы анықталып жатыр және де анықталған кезде ол жауапкершілікке тартылады.

Бейнежазбаны түсіріп, оны таратқандар да жазалануы мүмкін. Ішкі істер департаменті ресми өкілінің дерегінше, бұл кәмелет жасына толмағандарды ұрып-соғып, азаптауға қатысты екінші жәйт. Өткен жаңалығымызда анасы ұрып-соққан 7 жасар баланың мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтқанбыз. Бұл іске қатысты да тергеу жалғасып жатыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ