Абай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысындағы тас жол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы толығымен шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы» АҚ (ҰК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2025 жылдың 2 қаңтарында сағат 15.00-де Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 778-1013 шақырымы және қала учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды", - делінген хабарламада.