Ақтөбеде трансформатор өртеніп, ішінен адам денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облыстық полиция бепартаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.
Шағын электр стансанан адам денесі табылды. Осы оқиғадан соң сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, адамды ток соққан, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.