ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 02 қаңтар Астана уақытымен 17 сағат 13 мин зілзаланы тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орналасқан.
"Есептік қарқындылығы (баллмен): Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылы, — 2 балл",- делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет келіп түспеген.