Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда «Мектебіме тағзым» акциясы бастау алды

AstanaTV
25.05.2017ж. 20:00
2869
Павлодарда «Мектебіме тағзым» акциясы бастау алды

Павлодар өңірінде мектеп түлектері өзі бітірген білім ұясына демеушілікке тартылмақ. Бірегей акцияға «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы ұйтқы болды. Шара «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған.

Бұл мәселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерген еді. Акция аясында табысты салада еңбек етіп жүрген түлектер қайырымдылық және демеушілік көрсетеді.

Қаладағы №39 мектептің түлегі Илья Теренченко соңғы қоңырау мерекесіне арнайы келді. Түлектерді бүгінгі ерекше күнмен құттықтап, «мектеп  - әр адамның өмірлік қалыптасуының іргетасы» екендігіне тоқталды. Сондықтан алтын ұя мектепке, ұстаздарға деген қошеметін нақты іспен дәлелдегісі келетінін айтты. Музыка кабинетіне жоспарланған жөндеу жұмыстарының сызбасын таныстырды. Өз қаржысына бөлмені түгел жаңартып, заманауи музыкалық аспаптар сатып алмақ.

Илья Теренченко, «Нұр Отан» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Туған жеріңе, Отаныңа деген сүйіспеншілік мектепке келумен шектелмеуі тиіс. Меніңше, ол өзің өсіп, асыр салып ойнаған аулаңа келуден басталуы керек. Яғни, мүмкіндігің болса, заманауи спорт алаңын немесе жаттығатын орын салуға  көмектес. Бұл да туған жерге деген сүйіспеншіліктің бір белгісі.