$525.11 €546.74 ₽4.88
×

«Жаныңды түсінер жар керек»: Ақботанұр Сейітмағамбет жұртты тағы да ойға қалдырды

AstanaTV
03.01.2025ж. 11:14
129
«Жаныңды түсінер жар керек»: Ақботанұр Сейітмағамбет жұртты тағы да ойға қалдырды

Танымал әнші, актриса Ақботнұр Сейітмағамбет Instagram парақшасында жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол әлеуметтік желіде ақын Ақжол Түменбайдың өлеңін жариялады.

«Уақытты жеңуге болады,

Арылып өкініш, әттеңнен.

Бақытты болуға болады,

Өзіңе ұнайтын сәттермен.

Алматы жалғыздар қаласы,

Таулардан тағдырдың күйі ақты.

Көзіңнің ағы мен қарасы,

Күйсандық пернесі сияқты.

Жүрегім тыныштық табатын,

Сен жайлы әлемде жоқ нота.

Махаббат күйдірген қанатын,

Аққудың баласы Ақбота.

Жақсы көр, жан беріп-жан алыс,

Мына әлем өте лас, өте шу.

Мен үшін күздегі романс,

Сенімен бір шыны кофе ішу,

Өмірде өзіме адалмын,

Мен сені айтпай ақ түсінем,

Көздері күлетін адамның,

Жүрегі жылайды ішінен.

Сен бірақ жылама, мұңайма,

Сәбидей сүйкімді күл мейлі.

Жалғыздық ұнай ма Құдайға,

Оны ешкім білмейді…

Адамды сүюге ар керек,

Арызың болмасын өмірге еш.

Жаныңды түсінер жар керек,

Жалғыздық - әр түрлі көңілдес…» - деп жазды Ақботанұр Сейітмағамбет.