$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Жаңа жылдан кейін салмақ қосып алсаңыз, не істеу керек?

AstanaTV
03.01.2025ж. 11:49
141
Жаңа жылдан кейін салмақ қосып алсаңыз, не істеу керек?

Жаңажылдық мерекелерден кейін таразыға тұруға қорқып жүрсеңіз, уайымдамаңыз! Артық салмақтан тез арылуға болатын әдістерді топтамасы ұсынылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәстүр бойынша, Жаңа жыл - молшылық пен мереке уақыты. кезеңі. Бұл кезде әдетте жей бермейтін тағамдар молынан жасалады. Бір түнде басталған тойлау екі аптаға созылып, ескі жаңа жылға дейін жалғасуы мүмкін. Бұл денеге емес, сонымен қатар, ағзаға да кері әерін тигізуі мүмкін. 

Демалыс кезінде орта есеппен 2-4 килогракелі артық салмақ қосуға болады. Тұзды тағамдар, тәттілер және алкогольден ағза ісінуі мүмкін. Алайда ағзаға артық май жиналғаннан суды шығару айтарлықтай оңай.

Мерекеге дейін арықтау үшін оңай мотивация табу қиынға соқпайды: кешке жаңа көйлек киіп, жарқырап көрінгіңіз келеді. Бірақ Жаңа жылдан кейін, дәмді әрі зиянды тағамдарға тойып алғанда диета отыру тіпті қиын.

Диетолог Елена Соломатина дұрыс тамақтануға қосымша, денсаулықты жақсарту үшін бірнеше маңызды қағиданы ұстануға шақырады.

Су ішу. 

Диета қаншалық тиімді болса да, егер ағзаңызға су жетіспесе, оның әсері төмен болады. Бірден 2-3 литр су ішпей, аздап, баяу ішу қажет. Бұл жасушаларға суды сіңіруге мүмкіндік береді және метаболизмге жауапты ферменттердің дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Ас көлемін бақылау.

Кейбір адамдар стрестің әсерінен көп тамақ жей бастайды. Бұл жағдайды шешу үшін D дәруменіне бай тағамдар жеу керек. Бұдан басқа, пробиотиктер мен бифидобактериялар микрофлораны қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл пайдалы тағамдарға тәбетті арттырады.

Ұйқы режимі

Уақтылы ұйықтаңыз, түнгі ұйқы 22:00–23:00 аралығында басталғаны дұрыс. Бұл гормондардың дұрыс бөлінуіне және күні бойы тұтынатын тағам мөлшеріне оң әсер етеді.

Физикалық белсенділік

Күніне 10 мың қадам жасауға тырысыңыз. Мұны үйде де орындауға болады. Қарқынды жүру салмақты азайтуға жақсы әсер етеді.

Арықтау процесін біртіндеп жүргізу

Тез арықтауға тырыспаңыз. Жылдам салмақ жоғалту денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін және салмақты сақтап тұру қиын болады. Рационға талшыққа бай тағамдарды қосыңыз: көкөністер мен көктер.

Тәтті жемістерді шектеңіз

Калориясы төмен, бірақ тойымды көкөніс сорпаларын ішіңіз. Оларды тұтас дәнді нанмен бірге тұтынуға болады.

Денсаулықты жақсарту мен артық салмақтан арылу үшін жоғарыдағы кеңестерді өмір салтыңызға енгізу жеткілікті.