Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлдің резиденциясында мемлекет басшысын қорғайтын әскерилер мен саясаткерді ұстауға келген тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
3 қаңтар күні таңертең жоғары лауазымды шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасының тергеушілері мен полиция қызметкерлері Юн Сок Ёлді қамауға алу үшін келген.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, қамауға алу ордерін орындау үшін 30 мемлекеттік қызметкер мен 120 полиция қызметкері әкелінген. Оның 50-і резиденцияға кірген.
Сонымен қатар полиция резиденцияның маңайына 2,7 мың полиция қызметкері бар 45 арнайы мақсаттағы мобильді жасақ өкілдерін орналастырды.
Оңтүстік Корея Парламенті президент Юн Сок Ёльге ақырында импичмент жариялады
Оңтүстік Корея парламенті президенттің міндетін атқарушыға да импичмент жариялады
Оңтүстік Корея президентінің қауіпсіздік қызметі тергеушілерге тінтуге рұқсат бермей, резиденция аумағында тәртіп сақшыларына тосқауыл жасады. Юнның өкілдері оны қамауға алу әрекетінің заңсыз екенін айтып, сотқа жүгінетінін жеткізді. Юн Сок Ёлдің жақтастары резиденцияның жанына жиналып, "президентті қорғауға" және "импичменттің күшін жоюға" шақырды.
Процесс бірнеше сағатқа созылады деп жоспарланып отыр. Бұйрық 6 қаңтарға дейін жарамды.