$527.3 €544.86 ₽4.95
×

4 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

AstanaTV
03.01.2025ж. 17:38
229
4 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер ертең, 4 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 04 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 04 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 04 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.