Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан хоккейшілері алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 4-минутында Асанәлі Русланұлы көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай германиялық Максим Шефер есепті теңестірді.
Ал 17-минутта қазақстандық Никита Ситников қайтадан ұлттық құраманы алға шығарса, екінші кезеңнің 22-минутында Артур Гросс басымдықты арттыра түсті.
Қарсыластар сапынан Максим Шефер 23, Эдвин Тропман 24- минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.
Ойынның 44-минутында Юлиус Зумпф соққан шайба Германияға жеңіс алып келді.
Осылайша Қазақстан жастары қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, бірінші дивизионға түсіп қалды.