$526.11 €542.31 ₽4.76
×

1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді

AstanaTV
04.01.2025ж. 15:18
252
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде некеге тұру алдында генетикалық тест тапсыру барлық азаматтар үшін міндетті рәсімге айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл шешім елде генетикалық аурулардың кең таралуына байланысты қабылданды. Мұндай жағдай аймақтың тарихи және мәдени ерекшеліктерімен байланысты. Бұрын некеге тұруға ниет білдірген азаматтардан тек медициналық тексеру талап етілетін, ал генетикалық тестілеу ерікті болатын. Енді бұл процедура міндетті түрде азаматтардың бәріне енгізілді.

«Генетикалық тестілеу 570-тен астам генетикалық мутацияны анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары, эпилепсия, бұлшықет атрофиясы, есту қабілетін жоғалту, муковисцидоз және басқа да ауыр тұқым қуалайтын аурулар бар. Бұл әдіс отбасын жоспарлау кезінде болашақ ата-аналарға денсаулық жағдайын ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі», — делінген материалда.

Әмірліктердің Геномдық кеңесі бұл шешімді қараша айында өткен үкіметтік жиналыста мақұлдады. Бағдарлама ұлттық генетикалық деректер базасын құруды көздейді. Бұл ел тұрғындарының арасында генетикалық ауруларды ерте анықтауға және дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

2022 жылы Абу-Дабиде басталған Emirati Genome Programme пилоттық жобасы аясында 800-ден астам жұп зерттеуден өтті. Нәтижесінде, 86%-ында генетикалық үйлесімділік расталды. Ал 14%-ында қосымша медициналық шаралар мен отбасы жоспарлауды қажет етті.

«Әмірліктерде жақын туыстар арасында некелесудің жоғары деңгейіне байланысты генетикалық бұзылулар кең таралған. Генетикалық тәуекелдерді түсіну медициналық қызметтердің сапасын арттырып, созылмалы аурулардан болатын ұзақмерзімді шығындарды азайтуға көмектеседі», — деп жазылған мақалада.

Барлық некеге тұруға ниетті жұптар 2025 жылдан бастап міндетті генетикалық тестілеуден өтеді, ал тест нәтижелерін өңдеу шамамен 14 күнді алады.