Мьянманың әскери басшысы Мин Аун Хлайн Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғанының 77 жылдығына арналған жаппай рақымшылық аясында алты мыңға жуық тұтқынның босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының хабарлауынша, барлығы 5864 адам амнистияға ілінеді, олардың 180-і шетелдіктер, кейін елден шығарылады.
Сонымен қатар, Мин Аун Хлайн 144 тұтқынның өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын 15 жылға ауыстырды. Жарылғыш заттар, заңсыз бірлестіктер және терроризмге қарсы заң бойынша сотталғандарды қоспағанда, қалғандарының барлығының жаза мерзімі алтыдан біріне қысқартылады.
Бұған дейін Испанияның "алтын визаларды" жою туралы шешім қабылдағаны хабарланған болатын.