$527.3 €544.86 ₽4.95
×

Жолда қалған 500-ге жуық адам межелі жерге пойызбен жеткізілді

AstanaTV
04.01.2025ж. 19:42
374
Жолда қалған 500-ге жуық адам межелі жерге пойызбен жеткізілді

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда және автожолдардың уақытша жабылуына байланысты жолда қалған 500-ге жуық адам «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырған пойыздармен межелі жерлеріне жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Автожолдардың жабылуына байланысты Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар және Астана – Көкшетау бағыттарында қиын жағдайға тап болған азаматтар теміржол көлігімен тасымалданды. Компания жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды қажетті орындарға жеткізу шараларын шұғыл түрде ұйымдастырды», — делінген хабарламада.

Жолаушылар мына станциялардан жөнелтілді:

Сарыбел станциясынан 100 адам Қарағанды мен Астанаға №44 Қостанай – Алматы, №327 Қарағанды – Қостанай, №6857 Астана – Қарағанды және №145 Қарағанды – Омск пойыздарымен жеткізілді.

Екібастұз станциясынан 63 адам №7509 Павлодар – Астана және №139 Павлодар – Пресногорьковская пойыздарымен, ал Ерейментау станциясынан 52 адам №7501 Павлодар – Астана және №140 Павлодар – Пресногорьковская пойыздарымен елордаға жөнелтілді.

Курорт-Бурабай станциясынан 202 жолаушы №6812 Курорт-Бурабай – Астана, №6830 Көкшетау – Астана, №7516 Көкшетау – Астана, №624 Петропавл – Астана және №7508 Көкшетау – Астана пойыздарымен елордаға жеткізілді.

Макинка, Елтай және Ақкөл станцияларынан76 жолаушы №7508 Курорт-Бурабай – Астана және №76 Петропавл – Қызылорда пойыздарымен елордаға жөнелтілді.

Компанияның айтуынша, қолайсыз ауа райы жағдайында пойыздар ең сенімді және қауіпсіз көлік түрі саналады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды жалғастырып жатыр және азаматтарды қажетсіз жағдайда алыс сапарларға шықпауға шақырады.