Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Астана» «Джиро» кезеңінде жеңіске жетуге ниетті

AstanaTV
25.05.2017ж. 20:00
1955
«Астана» «Джиро» кезеңінде жеңіске жетуге ниетті

Италиядағы веложарыста шешуші сәт жақындап келеді. Алда тек таулы жерлермен жүріп өтетін 3 кезең қалды. «Астана» шабандоздарының бірі әріптестерінен оқ бойы озық тұр.

Бұл жарыс оңай болған жоқ. Шабандоздар Тиранодан Канацеге дейін таулы курорттың 219 шақырымын еңсеру керек еді. Өрге басқан сәттің бірінде шабандоздар арасында бір-бірімен қақтығыс орнаған. Осы сәтте 50-ге жуық шабандоз алдыңғы шепке сытылып өткен еді. Арасында біздің клубтың намысын қорғап жүрген Йеспер Хансен де бар.

Йеспер Хансен, «Astana Proteam» шабандозы:

Мен әу баста алдыңғы шепке ұмтылған едім. Кейін екі топ бізден озуға шақ қалды. Әрі қарай мен екінші топтың құрамында болдым. Таулы жерлерден кейін  қарқынымды жоғалтып алдым. 18-ші кезең де ауыр болатын сыңайлы. Бірақ «Астананың» мүмкіндігі бар. Сол мүмкіндікті оңтайлы пайдалану керек.