Алаяқтар қазақстандықтарды жаңа тәсілмен құрыққа түсіріп, алдауда. Енді олар электронды почтаға айыппұл салынғаны туралы жалған құжат хабарламалар жіберіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, жіберілген хабарламаларда соттың мөрі, судьяның аты-жөні, сот отырыстың күні мен уақыты көрсетілген. Онда "коммуналдық қарыздан" бастап "тыйым салынған контентті таратты" деген заң бұзушылық жасады деп айыптайды.
Бір-екі күннен кейін алаяқтар қоңырау шалып, "прокуратура қызметкерінің" немесе "тергеушінің" дауысымен сөйлеп, егер күннің соңына дейін айыппұл төлемесеңіз, полицияның келетінін айтады. Неғұрлым сенімді болу үшін алаяқтар сіздің мекен-жайыңызды немесе ЖСН-ді атай алады.
Сізден терминал арқылы немесе "ресми шотқа" ақша аудару сұралады (бұл шын мәнінде алаяқтардың картасы).
Көбіе адамдар сотпен бас қатырып жүрмес үшін алаяқтарға ақша жіберіп алданып жатады. Олардың өзі де нақты деректер көрсетіп, сенімге кіреді.
Құрыққа түспес үшін егер сондай хат келсе, ресми телефон нөмірлері арқылы органдарға хабарласыңыз. Дүрбелеңге түспей, сот істері қоңырау мен карталарға ақша аударумен шешілмейтінін ұмытпаңыз. Қоңырауларға сенбеңіз. Құқық қорғау органдарының нағыз қызметкерлері сізге мұндай талаптармен қоңырау шалмайды.
Шоттарды тексеріңіз. Кез-келген “ресми шотты" банк арқылы тексеруге болады.