Қытай ғалымдары адам ойын тануға және оларды сөзге айналдыруға қабілетті чип жасады, деп хабарлайды 24.kz.
Құрылғы бас, ми жарақаттары немесе ісіктің тағы да басқа себептерден сөйлеу қабілетін жоғалтқан науқастың миына орнатылды.
256 арналы чиптің көмегімен пациенттің миынан алынған деректерді декодтау арқылы адам түйсігіндегі ойларды экраннан оқуға болады. Отадан кейін 48 сағат өткен соң науқас үстел теннисі мен онлайн ойындарды ешбір физикалық қозғалыссыз сәтті ойнаған.
Бұл науқастардың өмірін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді, – дейді дәрігерлер.