Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жолдасының арманы жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, қызды болатынын білгенде отағасы ерекше сезімде болған әрі қызының әнші болуын армандаған. Алтынай Жорабаева қаңтар айында кенже қызы бір жасқа толатынын жеткізді.
«Аминошкамыз өнер адамы болар ма екен? Әне-міне дегенше, Алла қаласа 7 қаңтар күні 1-ге толады. Құрсағымда жатқанда УДЗ-де қыз деген соң, әкесі есімін де таңдап, «Алла қаласа, қызымыз әнші болса екен. Сен сахнада ән айтқанда немесе жеке концертіңде әке мен мама 1-қатарда отырып, қуаныштың көз жасымен марқайып, мақтанып отырғанын көріп, сол сезімдерін сезініп, біз екеуміз де сондай ата-ана болсақ қой деп армандаймын» деді. Кім болса да, ең бастысы, дені сау болып, еліне, дініне қызмет ететін, абыройлы, бақытты, ғұмыры ұзақ қыз болсын», – деп жазды әнші.